Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі — дамыған көрші елдермен қарымқатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жол
да бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну — Абай даналығының белгісі. Ол шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның өлеңдерін оқи отырып, одан жалғандық табу қиын. Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт — бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз! Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау, Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Абай шығармашылығындағы сондай-ақ адам бойындағы қайырымдылық, қанағат секілді адамның қалыптасуына себепші иманды қасиеттер де талданған. — Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөздері атадан балаға, немереден шөбереге үзілмеу сақталуын тілейміз. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар.
А.ТҮСТЕБАЕВА, Көшкентал ауылдық кітапханасының кітапханашысы, «Нұр Отан» БПҰ-ның мүшесі.