– Абай дәуірінде қазаққа түскен патша үкіметінің тағы қандай зымыстан саясаты жүргізілген еді?
– Абайды орыстан үркітіп, тілінен зар шығарған тағы бір зымыстан саясат – ол патша үкіметі жер бетінен үш халықты саналы түрде, мемлекеттік тұрғыда тып – типыл етіп жойып жіберуді мақсат тұтуы еді. Олардың біріншісі – Ноғай халқы. Олар азайып, көбі шоқынып кетті. Екіншісі орыстардың жартысын құраған Қырым татарлары болса, оларды да құрдымға жіберді. Үшіншісі – қазақтар. Әрине бұл тарихи дерек. Осы деректерге сүйенсек 1897 жылы қазақтар бүкіл Ресейге қараған түркі халықтарының 57 пайызын құрапты. Осындай сұрқия саясаттың кесірінен қазақтар үш есеге азайып кеткен. Ал, патша үкіметі қазақтардан неге өлердей қорықты? Өйткені ұлан – ғайыр жері бар, байлығы мол, рухы мықты халық болды. Сондықтан қазақты тұқыртып, сағын сындырсақ, қол астымыздағы басқа ұсақ халықтар бас көтере алмайды деп санады. Міне, бұл сол Абай өмір сүрген кезде басталған патша үкіметінің солақай саясатының салқыны еді. Ал, есесіне басқа халықтар саны дүр етіп өсті