Жіті респираторлық вирустық жұқпаны, тұмауды алдын алу.

2018-2019 жылдардың алдағы эпидмаусымында тұмаудың үш штаммының айналымы болжамданды, олар: A (H1N1) – Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, сондай-ақ B – Колорадо (линия B/Victoria). Аталған штаммдар Ддүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша Қазақстанда қолданылатын үшвалентті вакцинаның құрамына енгізілген.  Жыл сайын тұмауға қарсы вакциналар штаммы жаңарып отырады. Егу өткен маусымда айналымда болған вирустардың көмегімен жүргізіледі. Жұқтырудың алдын алудың осы әдісінің тиімділігі  вакциналар қаншалықты болжанатын штаммды құруына байланысты.

Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері организмге түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы  геморрагиялық бөртпе.

Жіті вирустық инфекциясының көп жағдайда жұқтырылатын ерекше тәуекел тобы болады.  Тәуекелдің осы санатына балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің өздері және жұмысы халықпен тығыз байланысты адамдар  жатады. Олардың ішінде созылмалы өкпе, жүрек-қан-тамыр ауруларымен, инммундық жеткіліксіздігімен ауыратын, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері жүкті әйелдер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцинацияланады. Тәуекелдің осы топтарының әрқайсысы аурудың ауыр түріне бейім. Бұл ретте, уақтылы егілу аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.

Жыл сайын жергілікті бюджеттен иммундауға жататын контингенттерді егуге қаржы бөлінеді. Биылғы 2017-2018ж.ж. эпидемиялық кезеңге Алматы облысының бюджетінен 300 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп, «СК-Фармация» ЖШС арқылы тұмауға қарсы Ресей Федерациясының «Гриппол» вакцинасы сатып алынды.

Жұқпаны алдын алу мақсатында әрбір адам қалауы бойынша ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы ақылы түрде егу алуына болады.

Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:

Тұмаудың арнайы алдын алу эпидемиялық маусымның алдында (қазан айы) жүргізілетін вакцинациялау болып табылады.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

– адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

– жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

– ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

– даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

– даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

– өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

– үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

– құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква, итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;

– дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.

Инфекциялық сырқаттанушылықтар, оның ішінде тұмау бойынша туындаған сұрақтарға облыс орталығы Талдықорған қаласында орналасқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы базасындағы Саlle center (8 728 2 411212) арқылы кеңес ала аласыздар.  

 

 

   Ақсу аудандық Қоғамдық

                            денсаулық сақтау басқарма басшысы:                    Б.Темірханов

Орындаушы: Еркенова Ж.С.

 Ақсу аудандық ҚДСБ-ның

сан.эпид.қадағалау бөлімінің маманы.

 

Мәліметпен бөлісу: