Жеңімпаз Қапал жастары

Спорт — салауаттылықтың белгісі. Қапал ауылдық округінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылуында аудан әкімі сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Бүгінгі ойын өте тартысты әрі әділ болатынына сенімдімін. Өзімізді- өзіміз шынықтырып салауатты өмір қалыптастырайық. Барша қатысушыларға жеңіс, сәттілік, тартысты ойын тілеймін, деді Е.Базарханов.

Сынға аудандық әкімдік және ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, қапал жастары және аудандық ауруханамен, аудандық ішкі істер қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Тартысты ойын соңында аудан әкімі Есім Базарханов жеңімпаздарды арнайы марапаттады.
Үздік ойын көрсеткен командалар анықталып 1 — орын Қапал жастарына бұйырды. 2 — орын аудандық аурухана мен 3 — орынды ауылдық округ әкімдерінен құралған команда еншіледі.

Мәліметпен бөлісу: