Елбасымыздың 2018 жылы қазан айындағы Жолдауында нақты бағыттарға ерекше тоқталып, қабылданған бағдарламалардың нәтижелі жүргізілуіне баса назар аударды. Сонымен қатар Елбасымыз өз Жолдауында 2019 жыл жас-тар жылы деп жариялағаны қазақ жастары үшін жағымды жаңалық болды. Бұл елге тұтқа болатын өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне, өмірге тезірек араласуына, қоғамдық ортаның айқындаушы күшіне айналуына септігін тигізбек. 2019 жыл «жастар жылы» деп жариялануына және Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына байланысты Барлыбек Сырттанов ауылы Ғани Мұратбаев орта мектебінің спорт залында 19 қаңтар күні баскетболдан кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Сағабүйен ауылының жастары, Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлер командалары келді. Ауыл әкімі Серік Байжұманов жастарды 2019 жыл жастар жылы және ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуымен құттықтап сөз сөйледі және де Ақсу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айтпайұлы арнайы келіп жастарды құттықтады.
Кездесу жоғары деңгейде өтті. I – орынды Б.Сырттанов ауыл-дық округінің қол доп шеберлері иеленсе, II – орынды Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің командасы алды, III – орынды Сағабүйен ауылының жастары иеленді.
Командаларға марапаттар мен сыйлықтар берілді. Сонымен қатар үздік ойнаған ойыншыларға да марапаттар берілді.
Серік Солтақов,
Б.Сырттанов ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушы,
Сырттанов БПҰ – ның мүшесі.