Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің келешегі – жастардың қолында» деп жастарға үлкен сенім артқан. Биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі де осы сөзінің бір дәләліндей. Еліміздің болашағы да, қозғаушы күші де жастар, сондықтан да оларға үлкен сенім мен үміт артылып отыр. Жалпы елімізде жастарға мемлекет тарапынан әрқашан жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Елбасы қолдауы да жастарымызға ерекше күш-жігер береді. Біз бұл қолдауды сезініп отырмыз. Биылғы жылдың Жастар жылы болып жариялануы жастардың өз-өздерін дамытуға, білімін, өнерін шыңдауға тағы бір серпін беріп отыр. Сондықтан биылғы жыл еліміздегі жастар үшін үлкен мүмкіндіктер, жаңару мен даму жылы болмақ.

Жастар жылы – жастардың өзін дамыту жолындағы қадамға жол бастайтын мүмкіндік. Қазіргі таңда, Елбасының тапсырмасына сәйкес ауыл жастарын қолдауға бағытталған бағдарламалар аясында түрлі жобалар іске асырылып келеді. Бүгінде жастар аудан экономикасының қай саласында да нәтижелі еңбек етіп жүр. Аудан жастары жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып шығатынына сенімдімін.
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында облыс әкімі А.Баталовтың қатысуымен жастарға қызмет көрсету орталығында «Жастар. Жігер. Жаңғыру» атты жастар жылының салтанатты ашылу жиыны өтті. Жиында облыс әкімі А.Баталов жастарға қолдау көрсететінін, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар аясында түрлі жобалардың іске асырылатынын, атқарылатын жұмыстар барысында жастарға зор үміт артатынын баса айтты. Болашақта жүзеге асырылатын жұмыстарға белсене, бірлесе атсалысамыз деп сенім білдірді!
Аталмыш шараға ауданымыздан аудан әкімінің орынбасары Есжанов Ғазиз Отарбайұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі және мамандары қатысты. Шарадан алған әсерлі бағыт бағдардан ауданымыздың жастары жастар жылына байланысты кешенді жоспар құрып, жүзеге асыру жұмыстары басталып та кетті.
Жастар жылы құтты болсын! Еліміздің барлық жастарына тек талпыныс пен сәттілік тілеймін!
Ақсу ауданының жастар ресурстық орталығы