Жаңа белеске қадам!


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты жолдауында ауыл әкімдерін тікелей халық сайлау керек екенін айтқан болатын. Округ әкімдерін сайлау ауыл тұрғындары үшін ең тиімді шешім. Алғаш рет өтіп отырған сайлау халық үшін өте маңызды. Бұл ашық, демократиялық ел екендігіміздің айқын көрінісі деп білемін. Ауыл тұрғындарының жаңа күннен күтер жақсылығы мол.
Күні кеше аудан бойынша 9 ауылдық округте сайлау өтіп, оған 12 мыңнан аса жерлестеріміз ат салысты. Дана халқымыз “Ауылына қарап азаматын таны” дегендей жаңадан сайланғандар ел мүддесі үшін барын салып жұмыс жасайды деп ойлаймын. Жас әкімдер қолына тізгін ұстап, халықтың сенімін ақтайды деген сенімдемін.

Ахмолдаев Данияр
І.Жансүгіров атындағы орта мектеп директоры

Мәліметпен бөлісу: