«Жүрімбек Сыдықов атамыздың 95-жасқа» толуына арналған аудандық жайдарман кубогінің ойыны өтті.

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні “Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығы” “Ақын Сара мәдени-жастар” орталығы және Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жүрімбек Сыдықов атамыздың 95-жасқа» толуына арналған аудандық жайдарман кубогінің ойыны өтті. Жастардың арасында жайдарман ойындарын насихаттау, жастардың шығармашылығына қолдау көрсету , бос уақттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету, жастардың қоғамдағы орындарын нақтылау аясында өткізілген шарада 7 құрама қатысып, жүлделі бірінші орынды “Шоқпар командасы иеленді.” Көтеріңкі көңіл күйде ұйымдастырылған шарамыз жастарға арналған би кешімен жалғасын тапты.

Мәліметпен бөлісу: