ТЕРРОРИЗМ – ӘЛЕМ ІНДЕТІ

Терроризм – жаһанға төнген үлкен індет. Аталған ұғым негізінен саяси – әлеуметтік себептерге бай­ланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмаыстық іс – әрекет болып табылады.

Осындай адам жанын түршіктірер қатыгез зұлымдыққа толы лаңкестік әрекеттің формасы да, тактикасы да әртүрлі. Олар – кепілге адам алу, қоғамдық орын­дарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру, бопсалау, шетелдік елшіліктерге, халықаралық ұйымдардың бас пәтерлеріне ша­буылдар жасау, ұшақ жару, қару – жарақ қоймаларын басып алу, және т.б.

Көрші елдерде террорлық әрекеттердің салдарынан бо­лып жатқан қайғылы оқиғаларға ортақтасқан Елбасымыз да, қандай келеңсіздік болмасын қарапайым халықтың қанын төкпеу қажеттігін кесіп айтқан болатын. Терроризм – әлемге, адамзатқа төнген қауіп! Адамзат осы қауіппен бірлесіп күресуі тиіс. Ислам дінінің терроризіммен ешбір байланысы жоқ. Терроризімнің не ұлты, не діні жоқ. Сондықтан да адамзат кеселмен бірлесіп күресуі тиіс.

Осы орайда Барлыбек Сырт­танов ауылдық клубының қызметкерлері терроризмнің алдын – алу мақсатында ауыл тұрғындарына көптеген дөңгелек үстел, танымдық сағаттар сияқты шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл»,- демей ме дана қазақ. Басынан небір қиындықты «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» жеңген батыр бабалардың ұрпағы, ұлан – ғайыр ұлы даланың ұрпақтары үшін бұл аталып отырған терро­ризм болсын, басқа да сырттан төнер қауіп еш алаңдатпауы тиіс. Олар болса бүгінгідей “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” бейбіт күнде осы ауызбіршілігімізден еш айнымайық,-дегіміз келеді.

Т.ШҰЛҒАУБАЕВ,

Б.Сырттанов ауылдық клубының меңгерушісі,

«Nur Otan» БПҰ-ның мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: