ТӘУЕЛСІЗДІК АРАЙЛАП АТҚАН АҚ ТАҢЫМ

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған,- деп жырлап өткен кешегі ақын ағаларымыздың ақ ар­маны орындалғанына 30 жыл толды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі еліміздекеңінен аталып өтіп, мерейін арттыруда.

Осыған орай, Мола­лы ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебінде әр сы­ныпта «30 жылдық Тарих», «Тәуелсіздік таңы атқан күн» деген сияқты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылар 30 жылдық тарих беттерін ақтарды. 15 желтоқсан күні 9 – сынып жетекшісі Барысова Раушанның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік арайлап атқан ақ таңым» тақырыбында мектепшілік тәрбие сағаты өткізілді. Мемлекеттік Гимн орындалып, 1986 жылдағы 16 желтоқсан оқиғасын еске алып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды.

Мектеп оқушылары «Біз Тәуелсіздікке қалай жеттік?» деген тақырыпта слайд­тар көрсетіп, желтоқсан оқиғасынан көрнекі түрде ха­бардар етті. Бастауыш сы­нып жетекшісі Т.Г.Нұрғалиева Тәуелсіздікке арналған сурет байқауының жеңімпаздарына Мақтау қағаздарын та­быстады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, нағыз патриоттық өнер та­нытты. Какен Талшынның орындауында «Тәуелсіз елдің қызымын», «Ұстаз Ана», Нұрлан Аминаның орындау­ында Абай өлеңдері, Ескендір Жансая, Ибраим Дананың орындауында «Тәуелсіз елдің Ұраны», Нұрғали Жазира мен Ахметжан Еркеназдың орындауында «Еркем-ай» әні, 9 – сынып оқушылары Ибра­им Нұрлан мен Нұрғали Жа­зира көрерменнің назарын «Атамекен» әнімен баурап алды. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Г.Ж.Тойшыбекова кешегі желкілдеп өсіп келе жатқан қазақтың батыр қызы Ләззаттың ерлігін айта от­ырып, «Ерке Сылқым» күйін тартты. Мерекелік кештің соңында мектеп директоры Н.А.Бакеева сөз алып, мере­кемен құттықтады.

Оқушыларға Желтоқсан оқиғасындағы құрбандардың алдындағы борышымыз­ды жақсы тәрбиеміз, үлгілі өнегемізбен, үздік білімімізбен ақтау керек екендігін айтты.

Гүлзат ТОЙШЫБЕКОВА,

М.Әуезов атындағы негізгі орта мектебі директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: