Сыбайлас жемқорлық- кеселге қарсы тұру

“Сыбайлас-жемқорлық” сөзінің латын тіліндегі баламасы “corruptio” сөзі “параға сатып алу”, сонымен қатар Рим құқығында “corrumpire” деген түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау” деген мағына беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдіреді. ҚР “Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы” Заңында сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама берілген: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті пайдаланып, мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алуы”.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мынадай әрекеттері игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар болып табылады:

– Басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;

– Аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезіңде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану;

– Мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда  жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

– Шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға

заңсыз артықшылықтар көрсету;

– Кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;

– Мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;

– Берілуі заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;

– Жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген   ақпаратты  олардан талап ету;

– Мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорына беру;

– Аталған тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;

– Жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және өкілеттігінен тыс қызмет көрсету;

– Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда көрінеу кедергі жасау;

– Қызметі, жұмысы жөнінен жоғары немесе төмен тұрған, не өздерінен өзге де түрде тәуелді лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлік салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

Ақсу ауданы

бойынша МКБ.

Мәліметпен бөлісу: