Спортшылар жаңалығы

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында 13, 15 жасқа жарыстағы  жасөспірімдер арасындағы (классика, блиц, рапид) ойындарынан облыстық чемпионат өтті. Оған облыс бойынша 30-дан астам спортшы қатысты. Додаға ауданымыздың балалар мен жасөспірімдер спорт

мектебінің жаттықтырушысы С.Т.Сейсенбаев жаттықтырған түлектрі Мұрал Арыс, Бекен Ақбота рапид ойынында І орын, блиц ойынында ІІІ орынға ие болып, ауданымыздың мәртебесін тағыда бір жоғарылатып қайтты.

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Жас үміт» VI ашық Республикалық жарыс өтті. Жарыста 100-ге жуық жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысқан. Ұшқыр ой

лаумен есептік шеберлікті көрсететін ойында жерлесіміз аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқушысы Мұрал  Арыс жеңімпаз атанды.

Қарағанды қаласында Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Республиканың барлық облыстарынан және Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларынан барлығы 200-ге тарта спортшы қатысты. Алматы облысынан 20-ға жуық спортшы қатысып,

бақтары мен баптарын сынады. Аталмыш бәйгеде аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Ерасыл Мұқатай 10.000 метр қашықтықта ІІ орынға ие болып, ауданымызбен қатар облысымыздың мерейін асырды.

Текелі қаласында өткен жеңіл атлетикадан  2004 – 2006 – 2007 жылдары туылған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының чемпионатында С.Т.Рысдаулетов және Егеубек Бағландар жаттықтырған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері 16 медаль алып келді. Жүлделі орыннан көрінген спортшыларымызға тоқталар болсақ, 200 м. қашықтықта Мықтыбекұлы Айбек ІІ орын, 400 м. қашықтықта Нұрланқызы Аяжан ІІІ орын, 600 м. қашықтықта Бекен

Нұрлан  ІІ орын, 600 м. қашықтықта Жакиева Эльнара ІІІ орын, Нұрланқызы Аяжан, Нұрсейіт Арайлым, Маратқызы Перизат, Хандиева Карина қыздар эстафетасынан 4х100.   ІІ орын, Кәке Мейіржан, Саматұлы Сабыржан, Марат Абылай Кәкім Едіге, ұлдар  Шведтық эстафетасы  4х100 м.  –  ІІІ орынға тұрақтады. Сонымен қатар Ерғали Қабаевтың баулыған шәкірті Досым Сүлейменов  Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3000 метр қашықтықта ІІІ орынға тұрақтады.

Мәліметпен бөлісу: