СПОРТ КҮНІ СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ


Кез – келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық – басты байлық», «Спорт – денсаулық кепілі»,-деген сөздердің мәні тереңде жатыр.
Ал, спортты денсаулық кепілі дейтін болсақ, ел намысы сы¬налатын салада да біршама өзгерістер орын алып келеді. Аудан аумағында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.


Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай және Спорт күні кәсіби мерекесіне байла¬нысты 20 – 21 тамыз күндері жылдағы дәстүр бойынша Ақсу ауданының жаздық спартакиада¬сы өтті. Аталған іс шарада жеңіл атлетика, стритбол, шағын футбол спорт түрлерінен 9 ауылдық округ қатысып, жалпы қатысушылар саны 197 адамқамтылды.


Карантин шараларына байла¬нысты өткізілетін шараның ашылу салтанаты жасалмады. Жиналған командалар өзара жеребий тар¬ту арқылы үш топқа бөлініп, үш алаңда жарыс өтті.
Жалпы командалық есепте І орын Ақсу ауылдық округі, ІІ орын Жансүгіров ауылдық округі, ІІІ орынға Жаңалық ауылдық округі. ие болды.
Ойынның қорытындысы да шағын ортада ғана өтті. Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында мек¬теп директоры Бекқали Шала¬пов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Тоғасов, спорт мектебі директорының орынбаса¬ры Сейфүлмәлікова Шынар Сәтбекқызы ауданымыздағы спорт ардагерлері мен жеңіске жеткен командалардың жаттық- тырушылары мен жеке жарыстар¬да жүлде алған спортшыларды шақырып, марапаттады.


Спорт ардагерлеріне арнайы облыстық спорт басқармасы аты¬нан спорт күніне байланысты ақшалай сыйлық пен аудан әкімі Есім Базархановтың Алғыс хатта¬ры табысталды.
Спорт ардагері, бүгінде 84 жасқа келген Барманбеков Жаркент ата¬мыз бен Еркенов Самат атамыз тарихи естеліктер айтты. Арда¬гер спортшы Жұмабек Рамазанов денсаулығына байланысты келе алмады.
Спорт қай заманда да адам¬затты бейбітшілік пен берекелі тірлікке үндеп келеді. Қоғамның әл – ауқатының басты көрсеткіші- адамның денсаулығы болса, оны нығайту мен салауатты өмір сал¬тын қалыптастыруда да спорттың алар орны ерекше.


Мемлекетімізде дене тәрбиесі мен спортқа жасалып жатқан қамқорлықты болашақтың кепілі деп түсінуіміз керек. Бүгінде спорт саласының дамып – өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барын¬ша жағдай жасалып жатыр десек артық болмас.
Айтулы төл мерекемізде барлық спортшылар мен олардың бапкерлерін, ардагерлерді, спорт қауымдастығын шын жүректен құттықтағым келеді. Сіздерге зор денсаулық, жеңіс жолында табыстарға жетіп, Қазақстанның даңқын арттыра берулеріңізге тілектеспін.


Ербол ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.
Суреттерді түсірген: автор.

Мәліметпен бөлісу: