РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің қазіргі мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұдан бұрын аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. «Біртұтас ұлт болу» идеясы – биік мақсаттардың бірі ғана емес, бірегейі. Шын мәнінде, «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық кезеңінде саяси-экономикалық ахуалын жоғары деңгейде орнықтырған қазақ елі рухани жаңғыру жолында бұған дейін де жемісті істер атқарған. «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламалары арқылы барымыз бағаланып, жоғымыз түгелденген болатын. Сонымен бірге, тұңғыш Елбасы өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі ке

рек деген күрделі мәселелердің тұшымды тұжырымын жасады. Атап айту керек, бұл мақала зиялы қауым өкілдерін бейжай қалдырмағаны анық. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыттары айқындалған. Мақалада маңызды орын алатын «Туған жер» бағдарламасы  жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, өзінің туған ауылына, өңіріне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға бағытталған. Сондай-ақ, рухани жаңғырудың ажырамас бір бөлшегі болып табылады.    Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озуда. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенеміз.

МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым.    Тұңғыш елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазақ жастары.           Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста тұңғыш Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», – деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда.  Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” – деген. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

 Г.ЖИЕНБАЕВА,  аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: