Бүгінгі таңдағы әлемдегі дамыған елдермен тңдес өмір сүріп келе жатқан қазақстанның болашағы күн санап артып келеді. Әрине, олай деп айтуымыздағы себебіміз ғасырлап күткен ата-бабаларымыздың арманы егемендіктің арқасында, елімізің тұиасиығымен, сондай-ақ Елбасымызың бастауымен ұлттық рухымызды әлемге танытудамыз.
Елбасымыздың көрегенлігімен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұлы дала мәдениетімізді, дінімізді, сондай-ақ салт-дәстүрімізді және ғылым, білімімізді дамытудағы ең негізі бола бермек.
Қазақ халықымыздың тарихын білу, оны болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізе білу, алдымыздағы кезек күттірмейтиін ауқымды шара деп біліп, оны жүзеге асыруымыз қажет. Батырлардың ерлігін, ұлылардың ұлағатты сөздерін, ақындардың айтыскерлігін, және өнер тұлғаларының шығармашылығын атадан балаға мирас болып келе жатқан тәрбиелік мәні бар ұлттық идеяларды жалпыластыру қажет деп білеміз. Сонымен қатар ұлттық намысымызды қорғай білу, ұлттық рухымызды сақтай білу, ұлт болып тұрудағы ең асыл қасиетіміз деп білеміз.
Жеріміз байтақ, еліміз дархан, тарихтағы көк бөрінің ұрпағымыз, осы қасиетімізді бойымызға сіңіріп, рухани жақтан жаңарып, болашаққа қадам баса білейік.
Мұқият Алиқан,
Арасан ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі,
Арасан БПҰ мүшесі.