Партиялық жобалар жүйелі жүзеге асуда

 

Партияның «Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ» жобасы аясында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты К.Дәулетбекова , «Ақын Сара» БПҰ төрағасы Б. Бабикова көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың жағдайларымен танысып, дәрі-дәрмектермен көмек көрсетті.

 

 

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласындағы бағдарламаларды түсіндіру мақсатында аудандық пария филиалының эксперті Т.Мұрат, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Құрманғалиева және БПҰ төрағалары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, жағдайларымен танысып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтардың талап-тілектерін тыңдады.

 

 

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында “Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығы” “Жас Отан” жастар қанатының ұйымдастыруымен тыл еңбекерлерінің және қарт кісілердің аулалары қалың қардан тазартылды.

 

 

Б.Асқарова,

аудандық партия филиалының кеңесшісі.

 

 

 

 

 

 

Мәліметпен бөлісу: