“Мобилді азаматтар базасы” (МАБ) дегеніміз не?

МАБ – барлық қызметтерді eGov.kz, eGov mobile мобильді қосымшасы және телеграм-боттан бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік беретін клиенттердің ұялы телефон нөмірлерінің базасы.

МАБ-қа тіркелудің бірнеше жолы бар:

1) eGov.kz порталы арқылы

ЭЦҚ-сыз: eGov.kz-ке кіріңіз > төменгі оң жақ бұрышта “виртуалды ассистентке” басыңыз > “қоңырауларды” таңдаңыз > “ХҚО” таңдаңыз > “бейнеқоңырауға” басыңыз > виртуалды ассистентпен қосылғаннан кейін “жеке куәліктерді” көрсетіңіз > телефон нөміріңізді жазыңыз > ассистент жіберген растау кодын айтыңыз > дайын!

ЭЦҚ-мен: eGov.kz-ті ашыңыз > “жеке кабинетке” кіріңіз > “телефон” бағанында телефон нөмірін енгізіңіз > ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз.

2) eGov mobile қосымшасы арқылы

EGov mobile-да авторланыңыз > “Жеке кабинетке” кіріңіз > “Телефон” бағанында телефон нөмірін көрсетіңіз > растау кодын енгізіңіз.

Мәліметпен бөлісу: