Әлемдегі ең әдемі мереке

Қадірлі де, құрметті жерлес-тер! Әлемдегі ең әдемі мереке қай күн деп біздерден сұраса, әрине Жер — Ананы көктемнің жайдарлы шуағына бөлеп келетін Ұлыстың Ұлы күні — Нау-рыз мерекесі дер едік. Олай болса баршаңызды қазақтың жылы шуақты Жаңа жылының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күнінде жер бетінде өмірдің өзі шектеусіз, тоқтаусыз, сән — салтанатпен бақытты шеру тартып келеді емес пе. Көгілдір көкке, қарлы шыңдарға, жазиралы жазықтарға қарасаңыз ақ көрпесінен арылған дүние толқып, балқып, көгілдір көк сағымға оранған. Бұл күні бар табиғат, тіршілік дүр сілкініп, келер күнге жаңа сенім, жаңа көзқараспен қарайды. Оған Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы, Қазақстанды армандарға бастайтын жолы да бұл сөзімізді нақтылай түседі.

Олай болса ақсулықтар да Жолдауды сенімдеріне серік етіп, жыл табысты басталып, сәттілікпен қорытындылайтынына сенім зор. Өйткені, ғасырлар бойы адамзат көктемгі күн мен түннің теңелуіне айырықша мән беріп, өткеніне үңіліп, болашағына үміт артқан. Ендеше, бұл жылда әр ақсулықтың отбасына зор салтанат, көтеріңкі көңіл-күй, береке әкеледі дейік. Халық сенімі бойынша Ұлыстың Ұлы күні  айтылған әр ақ тілек орындалады десек аудан жұртшылығына мол бақыт, таусылмас бақ-береке берсін демекпін.

Е.С.Базарханов,

аудан әкімі.

Сіздерді аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері атынан  Ұлыстың ұлы күні – Нау-рыз мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Табиғат ананың түрленіп, қызылды — жасылды күйге еніп, күн мен түн теңесіп, еңбек сүйгіш халқымыздың алдағы күндерден  зор үміт күтер күні — осы Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы салт — дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің, жарасымды бірлік пен татулықтың,  жаңарудың ұлы мерекесі.  Наурыз мерекесі егеменді елімізде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан барша жұрттың ынтымағы жарасып, ырысын тасытар күн. Қасиетті Наурыз мерекесінің әр сәтінен  ұлтымыздың  нақышын, салт — дәстүріміздің айқын қолтаңбасын көреміз, әрі мақтан тұтамыз.

Мерекелердің ұлығы — Әз Наурыз баршамызды ізгілікті істер мен асқаралы армандарға бастасын, әр шаңыраққа бақ қондырып, қыдыр дарытсын!

Б.СҮЛЕЙМЕНОВ,

аудандық мәслихат хатшысы.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз — Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

К.Дәулетбекова,

«Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: