Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мерекенің ел тағдырындағы орны ерекше. Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн. Тәуелсіздік жылдарында мүмкін еместі жүзеге асырған, мызғымас шекарасы халықаралық деңгейде мойындалған, байтақ Астанасы көкпен таласып бой көтерген, күйреген әкімшілік жүйені өзгертіп, өтпелі кезеңде күйзелістен аман шыққан, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нарықтық экономиканың өзіндік қазақстандық үлгісін қалыптастырған еліміздің жетістіктері Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екенін атап өткен жөн. Елімізде саяси тұрақтылықты сақтап, азаматтық әлем мен толеранттылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді басты ғұмырлық құндылық ретінде ұлықтап, нығайтып келеміз. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде біздің еліміз ұстанған айқын бағытымен, өзара әріптестікке және ауқымды интеграцияға негізделген серіктестікке ұмтылысымен, ізгілікке құштарлығымен әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алды. Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз. Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге ынтымақ, бірлік тілеймін! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік бола берсін! Есім
Сейілханұлы БАЗАРХАНОВ, аудан әкімі.