ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ГАЗЕТІНЕ
2021 ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП ЖАТЫР!
АУДАННЫҢ ТЫНЫС – ТІРШІЛІГІНЕН ҚҰЛАҒДАР БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ “ҚАЗПОШТА” БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНЕ БАРЫП ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ГАЗЕТІНЕ
2021 ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП ЖАТЫР!
АУДАННЫҢ ТЫНЫС – ТІРШІЛІГІНЕН ҚҰЛАҒДАР БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ “ҚАЗПОШТА” БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНЕ БАРЫП ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
Арасан ауылдық округінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қызметкерінің Қапал, Көшкентал, Суықсай ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР-сы мемлекеттік қызмет істерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Бейсеқұлова Ләззат Мұқатайқызы және осы Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Иманғалиева Жадыра Амангелдіқызы қатысты. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсетілетінін және мемлекеттік қызметке орналасу туралы толық мағлұмат алды.
Біріккен Араб әмірліктері Дубай қаласында өткен «Калинка – 2019» байқауының саз сырнай номинациясы бойынша І-ші орын жеңімпазы Маршал Шыңғыс Әлиасқарұлы және Францияның Париж қаласында өткен «Салют талантов» байқауының вокал номинациясы бойынша І орын жеңімпазы Оразғалиева Гаухар атты шәкірттеріміз ауданымыздағы «Өнер» мектебінің атын, аудан, облыс, республикамыздың атын тағы да күллі әлемге жария етті.
19-шы қаңтар күні Б.Сырттанов атындағы орта мектебінде «Көшбасшы-2018» премиясын табыстау салтанатты кеш өтті. Мұнда 7 оқушы марапатталды. Оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
«Егінсу» БПҰ «Бақыттты отбасы-бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Күншуақ» балабақшасының кіре беріс пен барлық бөлмелерге барлығы 18 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.
17-ші ақпан күні басталған есеп беру жиыны жалғасуда. Соның бірі Кеңжыра ауылдық округінде болды. Ауыл тұрғындары тарапынан Еңбек ауылының тұрғындары су тарту мәселесінің ұзақ жылдар бойы бітпей жатқанын және жастарға арнап баратын, клуб салып беру мәселесін тілге тиек етті. Толығырақ Кенжебек Әкімбектің мақаласынан оқи аласыздар.
Аудан Әкімнің орынбасары қызметіне Есжанов Ғазиз Отарбайұлы тағайындалды.
Аудандық «Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшы қызметіне Сымханов Ербол Әбдікәрімұлы тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексінің» 33 бабының 1 – тармағы және 34 – бабына сәйкес Қасымбекова Ләззат Қалмұхамбетқызы 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап ЖШС «Ақсу өңірі» газетінің директор – бас редакторы қызметіне тағайындалды.
Аудан әкімі Есім Сейілханұлының төрағалығымен аудан активінің отырысы өтті. Ақын Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арналған дайындық жұмыстарының жоспарын ақпан айында аяқтап, жобаларды қолға алуды тапсырды. Ақын атамыздың 125 жылдық тойына арналған дайындық жұмыстары басталып, әрбір азаматтың атсалысуы өте маңызды.Сондай – ақ, жиында демалыс орындары, саябақтар тұрғызып, көшелерді жөндеу жұмыстарын қолға алу қажеттігін айтып өтті
Аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Есім Сейілханұлы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесуде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Тұрсынбекқызы бастауыш партия ұйымдарының 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Филиал төрағасы Е.Базарханов 2019 жылы 2019 жылы атқарылатын жұмыстар туралы тапсырма беріп, орындалуын бастауыш партия ұйымы төрағалары мен аудандық партия филиалына тапсырды.
Алматы облысы, Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5 «В» 3 қабат
«Ақсу өңірі» ЖШС
Байланыс тел: жалпы бөлім 2 – 12 – 90,
Директор – бас редактор, факс 2 – 11 – 61.
© 2021 Меншік иесі: «Ақсу өңірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Құрылтайшысы: Алматы облысы Ақсу ауданы, аудан әкімдігі.
Газет қазақ тілінде аптасына бір рет жұма күні шығады.
«Ақсу өңірі» сайтында жарияланған материалдарын көшіріп немесе өндеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, сайтқа сілтеме көрсетуіңіз міндетті.