Балалардың отпен ойнауына байланысты өрт оқиғасы орын алуда

Жыл басынан бері 38 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы өрттердің жалпы санының 12% – ын құрайды, 1 млн теңгеге залал келтірілді, балалар арасында өлім және ауыр жарақат болған жоқ. Бұл туралы JETISY MEDIA ақпараттық алаңында мәлім болды.
Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту мақсатында жыл сайын нұсқаулықтар, дәрістер сондай-ақ өртке қарсы насихат жүргізіледі.
Мамандар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде олар көбінесе ересектер тарапынан бақылаусыз қалады.
“Облыс аумағында қала сыртындағы 30 сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда. Лагерь аумағында өрттерді болдырмау мақсатында барлық өртке қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Балалардың демалысы кезінде сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жазғы каникул кезеңі аяқталғанға дейін және 2021 жылы лагерьлер жұмысына дейін жалғасады”, – деп атап өтті ТЖД төрағасының орынбасары Игорь Жуков.
Айта кету керек, ағымдағы жылы жазғы демалыс орындарында өрт тіркелген жоқ.

Мәліметпен бөлісу: