Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні аудан жастарын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, өз денсаулығына, өмірдің әртүрлі кезеңдегі дене тәрбиесі даярлығының деңгейін айқындау, оның қажетін қанағаттандыру мақсатында «Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығы» «Жас Отан» ЖҚ, Қарашілік ауылдық округінің әдіскер нұсқаушысы және Қарашілік ауылдық округі, Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептің дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрғанбаев Алмаспен біріге қыздар арасында волейбол ойынынан «Аудан жастарының» ауыспалы кубогы үшін жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа жалып аудан бойынша 20 команда қатысып,өз ара бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі I- орынды Е.Сихымов атындағы орта мектебі, II- орынды А.Құнанбаев атындағы орта мектебі, III- орынды М.Маметова атындағы орта мектебі иеленді. Айта кетерлік мұндай іс-шара аудан жастарының демеушілігімен тұңғышрет өткізіліп отыр, жастардың жігерлі ынтасына орай аталмыш шара әліде өз жалғасын табары анық!
«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы – «Ақсу ауданы
жастар ресурстық орталығы» жетекшісі М.Молдагалиев