АУДАН ӘКІМІ БАЗАРХАНОВ ЕСІМ СЕЙІЛХАНҰЛЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ақсулықтар! Сіздерді ел тарихындағы аса елеулі де, ерекше мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-мен шын жүректен құттықтаймын!

Айрықша аталатын бұл күнді жыл сайын Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім, бірлік, достық, ынтымақтастықтың аясында қарсы алып келеміз.

Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен даму жолы дұрыс бағытта екендігі толық дәлелденіп отыр. Осы уақыт ішінде мемлекетіміз нығайып, мәні мен маңызы зор әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық және саяси реформалары сындарлы жүргізіліп, халқымыздың әл-ауқаты арта түсуде. Әлеуметтік салаға негізделген экономика, демократия, әділет пен теңдік, адам құқығының қорғалуы осы жылдар ішіндегі ең негізгі шыққан шыңы болып табылады.

Осы жылдар ішінде оннан астам ұлт өкілдері тұратын ауданымызда да әр сала бойынша алға өрлеу айшықты байқалып келеді. Бұл Елбасының ел еңсесін көтеруге байланысты баянды бағыты болып табылады.

Тәуелсіздік күні – Қазақстан халқының қастерлі де, қасиетті де киелі мерекесі. Еліміз әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінде өркендеу жолында берік нығайып келеді. Сондықтанда Отанымызға әрбір азамат мақтанышпен қарап, жүректеріне ыстық сезім ұялатады.

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған армандарына қол жеткізген, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Тәуелсіздік алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Алдағы  өмір жолының бұдан да мазмұнды, бұдан да үйлесімді   болатынына   бүгінде  әрбір қазақстандықтың  сенімі  мол. Баршаңызға денсаулық, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз та-бысты болсын!

Мәліметпен бөлісу: