
Достар! Бүгінгі күні барлық сұратылатын анықтамаларды онлайн режимінде – әбігерсіз және ешқайда жүгірмей Egov.kz порталынан алуға болады. Соның ішінде психоневрологиялық ұйым анықтамасына тоқтала кетсем.
Анықтаманы онлайн алудың 3 әдісі бар!
eGov.kz порталы арқылы:
- Порталда авторизациядан өтіңіз
- Іздеу жүйесі арқылы “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” қызметін табыңыз”
- Қызметті онлайн сұраңыз
- Жеке деректерді енгізіп, қол қойыңыз
- 10 минуттан кейін бетті жаңартып, дайын анықтаманы жүктеп алыңыз.
eGov мобильді қосымшасы:
- Мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз
- “Қызметтер” сілтемесін таңдаңыз
- “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” батырмасын басыңыз
- Сұрауға қол қойыңыз
- Анықтаманы жүктеп алыңыз!
телеграм-бот @Kenes1414Bot:
- Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
- Ботты іске қосыңыз
- Қызметтер мәзірінен “Денсаулық сақтау” бөлімін таңдаңыз
- “Мессенджер арқылы психоневрологиялық ұйымның анықтамасын беруді” басыңыз
- Растау кодын енгізіңіз
- Анықтама жауап хабарламамен 30 минут ішінде келеді.