Алматы облысында “antikor ortalyǵy” ашылды

Талдықорған қаласында 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Open Space форматында жұмыс істейтін “ANTIKOR ORTALYǴY” атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығы ашылды.

“ANTIKOR ORTALYǴY”-ның ашылуы Алматы облысының әкімі                 А. Баталовтың және Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Е. Мақажановтың қатысуымен өткізілді.

Антикор орталығы – Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында салынған жаңа форматтағы және де барлық талаптарға сәйкес келетін фронт офис.

Ескерту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтарды ашу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, Алматы облысының әкімі А.Баталов Алматы облысында да осындай сервис орталығын ашу бастамасын қолдады. Айта кету керек, республика көлемінде Алматы облысы “ANTIKOR ORTALYǴY” атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсету орталығы ашылатын 14-ші өңір болып табылады.

“ANTIKOR ORTALYǴY”-ның ерекшелігі Open Space форматында салынғаны болып табылады.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда осындай ашық форматта жұмыс істейтін бір ғана құқық қорғау мекемесі болып табылады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е. Мақажановтың айтуынша: «ANTIKOR” сервистік орталығында іс жүргізу офицері, Департаменттің превенция басқармасының, сондай-ақ                  “Жетісу-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Бұл мамандардың барлығы азаматтардың өтініштерін тыңдайды, кеңес береді және заң шеберінде мәселелерді шешуге жәрдемдесетін болады.

Сонымен қатар, “ANTIKOR” сервис орталығының алаңында арнайы мониторингтік топ пен ақпараттық-насихаттау штабының өкілдері негізгі жобалық бағыттар бойынша диалогтық кездесулер жүргізе алады».

“ANTIKOR ORTALYǴY”-ның  конференц-залында апта сайын тілшілер үшін брифингтер, онлайн-конференциялар, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен әлеуеметтік желіде тікелей эфирлер өткізілетін болады.

Айта кету керек, “ANTIKOR ORTALYǴY” – ның келушілері де үшін қолайлы жағдай жасалған, күту залы және балаларға арналған ойын бұрыштары жасақталған.

Мәліметпен бөлісу: