Аксу да ақысыз IT – сыныбы ашылды

Ақсулық балалар үшін жаңа оқу жылы қуанышты жаңалықпен басталды. Алғаш рет Е.Сихымов атындағы білім ордасында жаңа жоба “балаларға арналған ақысыз IT – сыныбы” ашылды.

Мектеп базасындағы аталмыш сынып 150 баланы қамтиды. Дәлірек айтсақ, робототехника сыныбына 75, IT – саласына 75 оқушы. Бұндай тегін оқу ата – аналар үшін де жеңілдік. Өйткені мұнда бағдарламалау және робот техникасының қыр – сырын түсінуге, негіздері бойынша сабақ алуға мүмкіндік бар.

Бұл дегеніміз жастарға әлемдік жобаларға қатысып, бәсекеге қабілетті маман болуға үлкен мүмкіндік.

Мәліметпен бөлісу: