Ақсуда 5 мың ірі малға арналған бордақылау алаңы салынуда

“Менің алғашқы мақсат міндеттерімнің бірі – ауданға инвестиция тарту болды” – Есім Базарханов.

Ақсу ауданында бес мың ірі қара басқа арналған мал жемдеу алаңы және ет өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстары басталды.

Мұндай істі, “Panel Sistem.kz” компаниясы бастап Алтынарық ауылынан ірі құрылыс жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Нәтижесінде 2022 жылдан бастап экспорт көлемін 2,5 есеге арттыруға ауданның толық мүмкіндігі бар.
Елбасымыз тұрақты түрде инвестиция тарту мәселесін алға қойды. Өйткені еліміздің дамуына орасан зор ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да жұмысымды бастағаннан бастап, менің алғашқы мақсат міндеттерімнің бірі – ауданға инвестиция тарту болды. Бүгінде соның арқасында біршама жұмыстардың басы басталды. Сонымен қатар, 2020 жылы Жансүгіров ауылдық округінде «Қылышбеков» шаруа қожалығы 100 басқа сүт товарлы фермасын салуды жоспарлады. Жобаның құны 158 млн. теңге.
2021 жылы Қарашілік ауылдық округінде «Абука» шаруа қожалығы құны 350 млн теңге сүт тауарлы фермасын салуды қарастыруда.
Барлығы 2023 жылға дейін 2500 басқа арналған 12 сүт товарлы фермасын құру жоспарлануда. Нәтижесінде шикізат өндіру 2-ден 21% дейін көтеріліп, сүт өнімділігі 5 есеге артады.

Мәліметпен бөлісу: