АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ…

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі, тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек.

Қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70- шы, ал, тіл байлығынан үшінші орында екен. Сену қиын де- сек те деректер осылай. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлар болса 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады деп нақты айта аламыз.

Қазіргі таңда елімізде қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданып келеді. Еліміздегі ірі қалаларда орыс тілінің басымдылығы бар екені жасырын емес. Біз бұл көрсеткішті көтеру үшін әр қайсымыз ана тілімізде сөйлеп, ана тілінде қарым-қатынас жасауымыз керек. БАҚ құралдары мен қоғамдық орындағы ісшаралар қазақ тілінде өтер болса, тілімізге сұраныс артар еді. Қазір өзге ұлт өкілі түгіл, қазақтардың өзі ана тілін керексіз етіп отырғаны жасырын емес. Бұған Мұхтар Шаханов ағамыз «мәңгүрттік» деп сипаттама берген еді. Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді, мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. Сондықтан да еліміздің қоғамдық – рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізетін уақыт жетті. Ататүріктің «Қай кезде де ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеге басымдық беруіміз керек.

Халықаралық саясат, еларалық жағдай – мұның бәрі ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеден төмен тұруы керек» дегеніндей, Қазақстан мемлекетінде де оның тілінен бастау алған рухани құндылықтарына бет бұрып, барынша халықтық мүддеге қызмет ететін ұлттық саясат жүргізу – бүгінгі күн қажет етіп отырған басты талабы.

А.САЙЛАУБЕКОВ,

аудандық сотының кеңсесінің бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: