ҚАЗАҚ ТІЛІМ

Қазақ тілім – ғажап күнім, әр күнім,

Дана тілім мақтан тұтам барлығын.

Ана тілім – көркем тілім, ардағым,

Бар асылым – өзіңе жыр арнадым.

Қазағымның әр сөзінен бал тамған,

Естіген жан таңырқаған, тамсанған.

Біздің елде туып – өскен сан ұлттар,

Біздің ана тілімізде ән салған.

Тілім барда – биіктерге өрлегем,

Ана тілім бесігімді тербеген.

Мен қазақпын – «Отан» деген ұғымды,

«Тіл» дейтұғұн Ұлы сөзбен тең көрем.

Тілі мықты, діні мықты ел жеңеді,

Ана тілдің мәртебесі – керегі.

«Ел» менен «Тіл» егіз ұғым мен үшін,

Тілі өшкен ел бірге өшеді себебі.

Ермек ЕРАЛИН,

Ақсу политехникалық колледжінің студенті.

Мәліметпен бөлісу: