Вируспен күресудің жалғыз жолы вакцина салдыру!


Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды “Covid-19” жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Вакцина алғаннан кейін организмде иммундық жауап пайда болады. Егер де қандай да бір қоздырғыш организмге түссе, оған қарсы антидене ағзада пайда болады. Коронавирустың таралу динами­касын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыратыны сөзсіз. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн.

Коронавирус әсіресе, созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті екені белгілі: оларда аутоиммундық реакция болып (бөгде вирустың орнына организм өзінің сау жасушаларына шабуыл жасай бастайды) асқыну қаупі жоғары болуы мүмкін.

Сондықтан өкпе немесе бронхпен, жүрек-тамыр ауруларымен және қант диабетімен ауыратын адамдарға вак­цинаны мүмкіндігінше тезірек алу ұсынылады. Бірақ алдымен дәрігермен кеңесу керек.

Вакцина кез – келген созылмалы ау­руы бар адамдарға ұсынылмайды. Өршу сатысындағы (онкологиялық науқастарды қоса алғанда) немесе кез-келген басқа белсенді түрдегі инфекция­сы бар, дене қызуы көтерілген адамдарға екпе салдырмаған жөн.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның ал­лергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық ре­акцияны болжау мүмкін емес, себебі, әрбір адамның организмі әртүрлі. Уақытылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық ре­акция болуы мүмкін.

Дәрігерлер мүмкіндігінше инъекция­дан кейін бірнеше күн ішімдік ішуден бас тартуға кеңес береді. Өйткені, қандағы ал­коголь кез – келген аурудан иммунитеттің қалыптасуына жол бермейді.

Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аз­дап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшықеттерде аздап ыңғайсыздық болуы ықтимал. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін.

Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар.

Әрбір вакцинацияланған адам білуі ке­рек ең басты нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан қорғайды.

Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз.

Ж.ДУБЕК,

аудандық орталық

ауруханасының салауатты өмір

салтын қалыптастыру дәрігері.

Мәліметпен бөлісу: