Ауданаралық волейбол турнирінің ауыспалы кубогінен жасөспірімдер арасында ашық турнир

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жастарды жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар іс – шараларды ұйымдастырады. Ағымдағы жылдың 15 қараша күні Ақсу ауданы, Жансүгір ауылдық округі, Е.Сиқымов атындағы орта мектебінде ауданаралық волейбол турнирінің ауыспалы кубогінен жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізді.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарысқа жалпы 11 команда қатысып, жүлделі І орынды Е. Сиқымов атындағы орта мектеп командасы, ІІ орын Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп командасы, ІІІ орын М.Мәметова атындағы орта мектеп командалары иеленіп, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, жеңімпаз команда «Жасыл ел» ауыспалы кубогіне ие болды

. Әскен АРҒЫНҰЛЫ

Мәліметпен бөлісу: