Бұл жолы – күміс!

Алматы облыстық дарынды жасөспірімдер спорт мектебінің 2006 жылғы туылған волейболшы қыздарының «Жетісу» командасы жерлестерін жақсы жетістіктермен қуантып келеді. Жыл басында Ақтөбеде өткен ҚР Чемпионатында алтын алқа таққан олар маусым айының соңында Петропавл қаласындағы жасөспірімдердің жазғы жарысында да жүлдегерлер тобынан көрінді. Нұр – Сұлтан, Қызылорда, Қостанай сияқты қалалардың командаларын жеңіп, ақтық ойынға шыққан олар финалда өздерінің ежелгі басты бәсекелесі Солтүстік Қазақстан облысының командасына жол беріп алды. Айта кету керек бұл Павлодар қаласының волейболшы қыздары республикадағы ең күшті клубтың бірі. ҚР Чемпионатында, түрлі республикалық турнирлерде осы екі команда алма кезек жеңімпаз атанып жүр. «Жетісу» командасының құрамында ойнайтын біздің жерлесіміз Ақбота  Мұхаметәлі де он күнге созылған дүбірлі жарыс нәтижесінде күмістен алқа тағынды.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: